7 жетоқсан күні Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Бір аптадан бері облыс әкімдерін тағайындаған Тоқаев Ахметовке қатысты жарлықты ротация соңына қарай шығарды. Қазір Қарағанды облысының әкімі ғана тағайындалған жоқ. Облыс әкімі міндетін Жеңіс Қасымбек атқарып жатыр.

68 жастағы Даниал Ахметов ШҚО-ны 2014 жылдан бері басқарып келеді.  Ол СССР құлағанға дейін билікке келген ескі гвардия өкілдерінің бірі саналады. Ахметов Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған тұста Екібастұз әкімі болды, Павлодар облысын басқарған. Кейін Солтүстік Қазақстан облысына жетекшілік етті. 2000-жылдары үкіметке келді: премьер-министрдің орынбасары, премьер-министр, қорғаныс министрі қызметтерін атқарды. 2017 жылы зейнет жасына жеткен Ахметов сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен өкілеті бес жылға ұзартылған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз