Қазақстанда Жоғарғы сот төрағасы ауысты

0
160
Жоғарғы сот ғимараты.

8 желтоқсан күні сенаттың пленарлық отырысында депутаттар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қызметінен босату туралы шешімді мақұлдады.

Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу қаңтарда өкілеті аяқталатын Асановтың басқа қызметке ауысуына байланысты сондай ұсыныс жасағанын айтты.

Мұрат Нұртілеу Жоғарғы сот төрағалығына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынып, депутаттардың барлығы ұсынысты қолдады. Осылайша Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып сайланды.

59 жастағы Жақып Асанов Жоғарғы сотты шамамен бес жыл басқарған. Оған дейін бір жарым жылдан астам уақыт бас прокурор болған. Асанов 2018 жылы “Сот төрелігінің жеті түйіні” деп аталатын бағдарлама ұсынған.

50 жастағы Асламбек Мерғалиев 2020 жылдың желтоқсан айынан бері Ақтөбе облыстық сотын басқарған. 2015-2020 жылдары Қостанай облыстық сотына жетекшілік еткен. Әр жылдары Павлодар облысының соттарында судья болған. 1999 жылы Стамбул мемлекеттік университетін тәмамдаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз