Германияда “төңкеріс жасамақ болған” топ ұсталды

0
103
Photo: Reuters

Германияда 7 желтоқсан күні арнайы операция барысында “төңкеріс жасамақ болды” деген күдікпен оңшыл радикал қозғалыстың кемінде 25 өкілі ұсталған. 

Күштік құрылымның үш мың қызметкері қатысқан арнайы операцияда Баден-Вюртемберг, Бавария, Гессен, Төменгі Саксон, Австрияның Китцбюэл және Италияның Перудж аумағындағы 137 үйге тінту жүргізілген.

“Федералды прокуратура “рейхсбюргерлер” террористер желісінің өкілдеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар конституциялық билік органдарына қарулы шабуыл жасамақ болды”, – деп мәлімдеді Германия әділет министрі Марко Бушман.

RFE/RL қазақ қызметі таратқан ақпаратта жалпы 25 адамның ұсталғаны айтылады. Оның 22-і террористік ұйымға мүше, үшеуі ұйымның жақтастары болды деген күдікке ілінген. Арасында Ресей азаматы да бар.

“Рейхсбюргерлер” қозғалысы 1980 жылдары құрылған. Оның мүшелері Германияны мойындамайды. Өздерін “германдық рейх” азаматтарымыз деп есептейді. Олар өздеріне жоқ империяның жеке куәлігі мен жүргізу куәлігін жасап алады. Германияда бұл ұйымның кемінде 21 мың жақтасы бар деп есептелінеді.

Die Zeit басылымының мәліметінше, қастандық ұйымдастырмақ болғандардың бірі XIII Генрих – ежелгі Рейс ақсүйектер тегінің ханзадасы болған. Бұл тектің өкілдері I Генрих династиясының негізін салушы 1253 жылы Русь королі болған князь Даниил Романовичтің немересін әйелдікке алған деп санайды.

Қозғалыс өкілдері ақсүйектің Тюрингидегі Бад-Лобенштайн аң аулайтын үйіне жиналған. Олардың әскери жетекшісі отставкадағы неміс офицері Рюдигер фон П. болған. Ол айналасына немістердің арнайы жасағын жинаған. Ұсталғандардың арасында парламенттің ресейшіл экс-депутаттары да болған.

Bild басылымының жазуынша, олар 2021 жылдың қараша айынан бері үнемі кездесіп тұрған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз