Өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жеңістері

0
141
фото: tg/MAST news
🇰🇿Қазақстандық спортшылар әлемдік, халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жатыр.

Қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жарыс нәтижелері:

  • Шорт-трек – Алматыда шорт-тректен әлем Кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстандық Денис Никиша алтын медаль жеңіп алды, сонымен қатар ол қола медальмен де марапатталды.
  • Конькимен жүгіру – Надежда Морозова Канададағы әлем Кубогының төртінші кезеңінде қола медаль иеленді.
  • Ауыр атлетика – Нұрғиса Әділетұлы Колумбияда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Ол 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші болды.
  • Фристайл-акробатика – Аяна Жолдас Финляндиядағы Еуропа Кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
  • Биатлон – Вадим Куралес Италиядағы Ibu Junior Кубогында екінші болды. Сондай-ақ, осы турнирде үздік бестікке енген Арина Крюкованың нәтижесін атап өту қажет.
  • Хоккей – Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. Алайда, бұл нәтиже біздің командаға әлемдік біріншіліктің элиталық дивизионына кіруге мүмкіндік бермеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз