Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ақорда ақпаратына сай мемлекет басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтаған. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізген. Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылаған.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық еткен.
Ал Ресей тарабы таратқан ақпаратта Тоқаевтың 2022 жылғы 26-27 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі ТМД-ның бейресми саммиті барысында жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіргені және екі елдің үкіметі мен бейінді құрылымдарының желісі бойынша үйлестіруді жалғастыру туралы шарт қойылғаны айтылған.