Қазақстан бокстан IBA рейтингінде бірінші орынға шықты

0
241

Қазақстан бокстан IBA (Халықаралық бокс ассоциациясы) рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм арнасына сілтеме жасап.

Рейтинг бойынша бұған дейін АҚШ көш бастап тұрды. Алайда қараша айында Амманда өткен Азия чемпионатынан кейін Қазақстан бірінші орынға шықты. Екінші және үшінші орында да азиялық Өзбекстан және Үндістан елі тұр.

ІВА рейтингінде боксшылардың өнер көрсеткені үшін ұпай жинақталады. Азия чемпионатының алтыны үшін 1200 ұпай, күміс үшін – 900, қола үшін – 700 ұпай беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз