Негізгі фармацевтикалық өндіріс 14,5%-ға төмендеді – Статистика

0
182

Негізгі фармацевтикалық өнім мен фармацевтикалық препарат өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-қараша аралығында 145,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға аз, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанның өнеркәсіп өнімінің республикалық көлеміндегі фармацевтика өндірісінің үлес салмағы небәрі 0,3%.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтика өнімдерін өндірумен 12 кәсіпорын айналысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз