ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды kazaknews.kz.
2023 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша, өткен тәулікте 33 адам COVID-19 жұқтырған. Алдыңғы күні коронавирус 67 адамнан анықталған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, қазір 1 723 адам коронавирус инфекциясынан (–1 563+ және 160 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 616 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр