Астанада Әзербайжан, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштері музыкалық ұжымдарының қатысуымен бес жүзге жуық музыкант өнер көрсететін тегін фестиваль өтпек, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Елорданың 25 жылдығына орай мәдениеттер мен халықтарды біріктірудің бірегей құралы әскери оркестрлердің I Халықаралық «Астана – мәдениет керуені» әскери-музыкалық фестивалі өтеді.
6 шілде: 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында оркестрлердің қатысуымен Band Marathon өтеді.
7 шілде: 20.00-де музыкалық ұжымдардың қойылымдары орталық саябақта, «Бәйтерек» монументі мен «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
8 шілде: 12.00-де «Барыс Арена» мұз сарайында үлкен гала-концерт өтеді. Концертте көрермендер оркестрлер дефилесімен қойылған қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады.
Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірін жіберіп алмаңыз! Кіру тегін.