Министрлік: Педагогтердің жалақысы 100%-ға артты

0
116

Оқу-ағарту министрлігі кейінгі 4 жылда педагогтер жалақысының 100 пайызға артқанын хабарлады. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогінің еңбекақысы  30 пайызға көбейтілген.

Министрлік мәліметінше мектептерде 350 мыңнан астам педагог еңбек етеді, оның ішінде 220 мыңнан астам педагогке аттестация қорытындысы бойынша, жалақысына үстеме ақы төленеді.

Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% үстеме ақы қосылады. Еліміз бойынша барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

Бұдан бөлек, 2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пән бойынша халықаралық олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерін дайындаған мұғалімге келесі мөлшерде біржолғы сыйақы беріледі:

  • l дәрежелі диплом және алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық жалақының 26,5 еселенген мөлшері;
  • ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық жалақының 17,5 еселенген мөлшері;
  • ІІІ дәрежелі диплом және қола медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық жалақының 8,5 еселенген мөлшері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз