Бүгін Мажарстан [Венгрия] Премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны Астана әуежайынан ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды, деп хабарлайды kazaknews.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Виктор Орбанды Ақордада қарсы алды. Күтіп алу барысында екі елдің делегацияларымен танысу рәсімі өтіп, қос елдің ән ұраны орындалды.