Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) WTA 500 турнирінің финалында беларусь спортшысы Арина Сабаленконы (2-орын) ұтты.

Осылайша қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

Алғашқы сет 6:0 есебімен аяқталып, 25 минутқа созылды. Екінші сет нәтижесі – 6:3. Брисбендегі турнирде Рыбакина қарсыластарына 15 гейм ғана берді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина жеті эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Арина Соболенко үш эйс, бір брейкпен шектелді.

Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз