Сәбидің денесін күйдіріп алған дәрігер сотталды

0
43
Photo: pixabay

Қызылордада, сәбидің денесіне парафинмен массаж жасап, күйдіріп алған дәрігер сотталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі massaget news телеграм арнасына сілтеме жасап.

2023 жылғы мамырда бір жасар сәбидің анасы ортопед дәрігердің ұсынысы бойынша жеке массаж орталығына жүгінген. Сәбиге дисплазия диагнозы қойылған. Медициналық орталықта балаға массажбен бірге парафин терапиясы жүргізілген, нәтижесінде сәбидің денесін күйік шалған.

“Анықтамасы немесе медициналық білімі жоқ Е. есімді қызметкер, парафин емдеу ретінде электр жылыту құрылғысын қолданып, нәрестенің жамбасына орнатып, емдеу процедурасын бастаған. Сегіз минуттан кейін құрылғының ішіндегі су қызып, баланың жамбас аймағын күйдіре бастады, ол ауырғаннан қатты жылай бастады.

Бірақ, соған қарамастан Е. есімді қызметкер процедураны тоқтатпай, керісінше, жылап жатқан баланың аяғын қатты басып, оны тағы 10 минут ұстаған. Оның әрекетінің салдарынан бала жамбас аймағының 36 пайызын 1-2 дәрежелі термиялық күйік шалған”, – деп хабарлады Қызылорда сотының баспасөз қызметі өкілдері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз