Месси ФИФА нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік ойыншысы атанды

0
72
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси. Photo: Fifa.com

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жылдың үздік футболшысы ретінде ФИФА-ның The Best сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жүлдені карьерасында үшінші рет алған Мессиден бөлек, жүлдеге Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») пен Килиан Мбаппе («ПСЖ») таласты.

2023 жылы Месси ПСЖ сапында Франция чемпионы және «Интер Майамимен» Лига кубогын жеңіп алды.

Месси «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандпен бірдей ұпай жинады (әрқайсысында 48 ұпайдан).

Бапкерлер мен журналистердің дауысы бойынша Холанд көш бастады, бірақ жанкүйерлер мен ұлттық құрама капитандарының дауысы бойынша Мессиден жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама капитандарының ұпай саны бойынша Месси 107 ұпай жинаса, Хааланд 64 ұпай жинады.

Айта кетейік, 36 жастағы шабуылшының өзі Лондондағы салтанатты шараға қатыспады.

Әйелдер арасында Испания құрамасының сапында әлем чемпионы атанған Айтана Бонмати жылдың үздік футболшысы жүлдесін жеңіп алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз