Германияның Африн шешімі: Түркияға енді танкілер сатылмайды

0
216

Африндегі операцияларда кеңінен қолданылған немістердің Leopard 2 маркалы танкілері енді Түркияға сатылмайтын болды. Германия тіпті бұрын сатылған техникаларға қызмет көрсетуден де бас тартты. Бұл туралы немістің Der Spiegel басылымы хабарлайды.

Сирияның Африн аймағында күрд жасақтарына қарсы жүргізілген «Зайтүн сабағы» атты операцияларда түрік әскерилері немістер өндірген «Леопард 2» маркалы танкілер қолданған болатын. Африн операцияларынан жарияланған суреттердің арасында «леопардтардың» болғаны Германияда қоғамдық резонанс туды. Неміс халқы бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған операцияларда отандық танкілердің қолданылғанына наразылық танытты.

Der Spiegel-дің хабарлауынша, теріс қоғамдық пікірдің қалыптасуы мен оппозицияның үкіметті сынға алуына байланысты, канцлер Ангела Меркель мен елдің сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль танкілердің Түркияға сатылымы мен оған қызмет көрсетілуін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Германия үкіметі бұл хабарды растады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз