Қандай да бір жерде, кез-келген алғашқы көмекке мұқтаж адамның жанынан табылсаңыз, ең алдымен дүрбелеңге салынбаңыз. Себебі, сіздің «алғашқы көмек» көрсету туралы біліміңіз науқастың өмірін құтқаруы мүмкін.
Сонымен, бүгінгі мақаламызда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым әрі жеңіл түрін атап өтеміз. Егер төтенше жағдайға дайын болғыңыз келсе, әр адам білуі тиіс ережені оқып өтіңіз:
- Алдымен жедел жәрдемге қоңырау шалыңыз: Егер бір адам зақым алса немесе басқа да қайғылы оқиғаға ұшыраса дереу жедел жәрдемге (103) қоңырау шалыңыз. Бұл жағдайда мұны кешіктіруге болмайды, себебі науқас үшін әрбір минут маңызды болады.
- Науқастың демін және тамыр соғысын тексеріңіз: Науқастың тамыр соғысы болмаса немесе тыныс алмай жатса, дереу жүрек-өкпе реанимациясын жасаңыз.
- Қанды тоқтату: Жәбірленушіден қан тоқтамай кетіп жатырған болса, жараға таңғыш басыңыз. Науқастың жараланған дене мүшесін жүрек деңгейінен жоғары көтеруді ұмытпаңыз, бұл қан кетуін азайтуға көмектеседі.
- Күйік шалған жағдай: Адам қандай да бір дәрежедегі күйік алғанда, оған мүлдем жақпа май немесе крем жақпаңыз. Күйікті дереу суық сумен шайып, таза таңғыш жағыңыз.
- Науқасқа моральдық қолдау көрсету керек: Медицина қызметкерлері келгенге дейін, жәбірленушіге моральдық қолдау көрсету қажет. Есіңізде болсын, сіздің сол мезетте және сол жерде болуыңыз, науқас үшін шешуші фактор болуы мүмкін.
Айта кетейік, кез-келген адам алғашқы көмек қажет болатын жағдайға тап болуы мүмкін, сондықтан бұл саладағы білім әркім үшін маңызды. Егер де, төтенше жағдай барысында дүрбелеңге түсіп, жоғарыда айтылғандар есіңізге түспесе, 103 нөміріне қоңырау шалған кезде оператордан әрі қарай қандай іс-қимыл жасау керек екенін сұрап алыңыз.