Ердоған Римде қарсылыққа тап болды

0
115
EPA/UPG

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның дүйсенбі күні Италияға жасаған сапары кезінде құқық қорғау күштері мен ереуілге шыққандар арасында шағын қақтығыс болды. Бұл туралы РИА Новости Италия астанасының полиция қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

EPA/UPG

Қасиетті Періште құлпытасының маңында 150 адамнан құралған бір топ наразылық білдіруші Түркия президентінің саясатына, атап айтқанда, Анкараның Африндағы әскери операциясына қарсылық білдірді. Ереуілдеушілер бір ауыздан «Ұят, ұят!» және «Ердоған – қанішер» деп ұрандаған. Наразылық шарасына Италияда тұратын күрд диаспорасы мен италян жастары қатысқан.

EPA/UPG

Күрд диаспорасы өкілдерінің шарасы бейбіт түрде өткен болса, жас италян радикалдар құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қақтығысқан.

EPA/UFG

Рим полициясының мәліметінше, екі адам қамауға алынды. Полиция қызметкерлері қатысушылар тарапынан көрсетілген агрессиядан кейін көп ұзамай наразылық актілерін аяқтады.

EPA/UPG

Еске сала кетейік, Режеп Тайып Ердоғанның президенттікке сайланғалы Апеннин түбегіне өзінің алғашқы сапарын жасады.

Римге іс-сапары барысында Ердоған Рим Папасы Францискпен жүздесті. Кездесу барысында Таяу Шығыстағы жағдайға баса назар аударылып, Иерусалим мәртебесі талқыға салынды.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз