КХДР Сыртқы істер министрі Трампты “итке” теңеді

0
125
ашық дереккөзден алынды

Біріккен Ұллтар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясының Нью-Йорктегі сессиясына қатысуға келген Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР, Солтүстік Корея) Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Президенті Дональд Трамптың мәлімдемесін «иттің үруіне» теңеді, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

Журналистердің сұрағына жауап қайырған министр: «”Ит үреді, керуен көшеді” деген мақал бар. Егер ол бізді ит үруімен үркітемін десе, бұл шындығында далбаса», – деді. Корей елінің басшысына «зымыран адам» деп лақап ат қойған Д. Трамптың бұл қылығына қатысты түсініктеме беруді сұраған журналистерге Ли Ен Хо АҚШ президентінің көмекшілеріне жаны ашитынын мәлімдеді.

Атап өтерлігі, жұма күні министр сессияда мәлімдеме жасайды, ал сенбі күні БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесу өткізеді деп күтілуде.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның тұғырында сөйлеген сөзінде КХДР АҚШ-қа қауіп төндірер болса, Солтүстік Кореяны жоюдан басқа амалдың қалмайтынын атаған еді.

Бұдан өзге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-ға қарсы жаңа санкцияларды бір ауыздан енгізді, бұл Пхеньянның экспорттық және импорттық әлеуетін айтарлықтай шектейді.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз