Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) допинг дауына байланысты мүшеліктен шығарылған Ресейді ұйымға қайтадан қабылдады.
ХОК-тан жасалған ресми мәлімдемені Ресейлік спорт шенеунігі Шамиль Тарпищев растады.
Мәлімдемеде Оңтүстік Кореяда өткен Пхенчхан-2018 ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына Ресейден барған атлеттерден алынған допинг-сынаманың теріс нәтиже көрсеткені айтылды.
Осыған байланысты ХОК Пхенчханда шыққан допинг нәтижелерін ескере отырып, Ресейді мүшеліктен шығару туралы былтыр қабылдаған шешімінің үкімін жойды. Ресей қайтадан ХОК мүшесі атанды.
2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиадада спортшылары допинг қолданғаны дәлелденіп, Ресей ХОК тарапынан олимпиададан шеттетілген еді. Кейін бұл жаза жеңілдетілді, дегенмен Оңтүстік Кореяда орыс спортшылары олимпиаданың ақ туы астында өнер көрсетуге мәжбүр болды. Ресейлік спортшыларға «Ресейден келген олимпиадалық атлет» деген атаумен жарысқа қатысуға рұқсат берілді.