Қазақстан футбол құрамасында жаңа бапкер

0
102

Станимир Стойлов «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетіп, енді Қазақстанның ұлттық құрамасын жаттықтыратын болды.

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды, ол – белгілі болгариялық маман Станимир Стойлов, деп хабарлайды “Астана” футбол клубының сайты.

Станимир Стойлов Қазақстанда «Астана» клубының бас бапкері ретінде төрт рет чемпиондық атаққа қол жеткізіп, үш жыл қатарынан команданы Еуропа кубоктарының топтық кезеңіне, тарихта алғаш рет Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығарды.

«Астана» футбол клубы Станимирге атқарған жұмысы мен бірлесіп сіңірген еңбегі үшін үлкен алғысын білдіріп, Қазақстан құрамасының бапкері қызметінде мол табысқа кенелуді тілейді. Стойловтың тың тәжірибесі құраманы жаңа деңгейге көтеріп, жаңа еуропалық асуларға жетуге септігін тигізеді ден үміттенеміз және сенеміз!”, — делінген хабарламада.

-«АСТАНАҒА» БАБОЯН КЕЛДІ

Станимир Стойловтың орнына бұрын «Цесна» және «Алма-Ата» клубтарында қызмет еткен әрі «Астана» клубында осыған дейін болгариялық бапкердің көмекшісі болып келген Григорий Бабаян тағайындалды.

Бабоян сондай-ақ, 2014 жылдың жазына дейін бас бапкер міндетін атқарып, команданы жаңа маусымға дайындаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз