Журналистерді қорғау комитеті Түркия сотын айыптады

0
125
дереккөзден

Нью-Йорктегі үкіметтік емес Журналистерді қорғау ұйымы (CPJ) 22 тілшіні Гүлен қозғалысына қатысы бар деген күдікпен бас бостандығынан айырған Түркия сотының шешімін айыптап, оларды тез арада босатуды талап етті. Бұл туралы Би би си орыс тілді агенттігінің редакциясы хабарлайды.

Журналистерді қорғау ұйымының өкілі Нина Огнянова «Бүгін Ыстамбұлдағы 22 журналистке мемлекетке қарсы төңкеріс әрекетіне барды деп айыптауы түркиялық сот жүйесін ұятқа қалдыратындай ақымақтық іс. Апелляция кезінде аталған айыптауларды журналисттерден алып тастауға шақырамыз. Түркия билігі журналистиканы терроризммен қатар қоюды тоқтатып, өз қызметтерін ғана атқарғаны үшін қамауда отырған жиырмадан аса тілшілерді босатуы тиіс», деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда Түркия билігі 2016 жылғы мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырған террорлық ұйым деп есептейтін Фетхуллах Гүленнің (FETO) қозғалысына қатысы бар деген айыппен Ыстамбұл сотының шешімімен екі жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айрылған жиырмадан астам журналист қамауда отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз