Атамбаевқа наразылық мәлімдемесі жіберілді

0
30
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдірді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде кеше қырғыз БАҚ-тарында таралған Қырғыз Республикасының Президенті Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіретіндігі атап өтілді. Сыртқы саясат ведомствосы екі дос ел арасындағы қатынастарда мұндай сөздерге жол берілмеуі тиіс деп санайды.

Мәлімдемеде:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды.

Қырғызстан Президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз.

Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала береді.

 

делінген.

Кеше Бішкек түбіндегі “Ала-Арча” мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін сынаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз