Қазақстан мен Джибути сыртқы істер министрлері өзара ынтымақтастық мәселелерін кең ауқымда талқылады

0
16

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 5 қыркүйек күні Джибути Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мухаммад Али Юсефпен екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қ. Әбдірахманов Парсы шығанағынан Аден бөктеріне өтетін Қазақстан-Түркіменстан-Иран жаңа бағытының әлеуетін қолдану мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Африка құрлығының шығыс жағалауында көлік торабын құру мақсатында Джибути теңіз және теміржол инфрақұрылымын дамытып жатқанынан ақпар берген М. Юсеф қазақстандық компанияларды аталған жобаға қатысуға шақырды. Тараптар Оңтүстік-Судан, Сомали мен Эритреядағы ахуалды есепке ала отырып, Шығыс Африка өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына өздерінің бейілділігін растады. Өз кезегінде Қ. Әбдірахманов өз әріптесін Қазақстан тарапының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сомали және Эритрея бойынша БҰҰ комитеті төрағалығы шеңберінде Эритреямен диалогты жолға қою үшін күш салып жатқанын атап өтті.

Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, кездесуде алдағы Сирия мәселесі бойынша кезекті Астана процесінің алтыншы кезеңіне баса назар аударды. Джибути басшылығы Н.Назарбаевтың елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Осы жылдың 5 шілдесінде Астанада келісілгендей деэскалация аймағын құру бойынша техникалық мәселелерді жетілдіру үшін тараптардың күш салуының маңыздылығы атап өтілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз