Черногорияда президенттік сайлау өтті

0
87
AP Photo/Risto Bozovic

2006 жылы тәуелсіздігін жариялап, Сербия құрамынан бөлініп шыққан Черногорияда президенттік сайлау өтті. Сайлауға қатысуға құқылы азаматтардың 64%-ы жексенбі күну дауыс беру үшін учаскелерге барған.

Егемендік тарихында осымен екінші рет өткізілген сайлауда Мило Джуканович жеңіске жетті. Euronews агенттігінің хабарлауынша, Джуканович шамамен 53% дауыс жинады. Сайлау алдында Джукановичтың өзге оппоненттерінен басым дауыс жинап, бірінші турда жеңіске жетеді деген сенім басым болған еді.

Мило Джуканович – Черногория тәуелсіздігін жарияламай тұрып елді басқарып көрген әккі саясаткер. Сонымен қатар бес рет ел үкіметін де бастаған. Джукановичтың билігі тұсында Черногория Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымына (НАТО) мүшелікке өтті.

Оның басты қарсыласы бизнесмен Младен Боянич  32% дауыс жинап, екінші болды. Ешбір партияға мүше болмағанына қарамастан Боянич бүкіл оппозициялық одақтың қолдауына ие болды. Сайлау алды кампаниясында Боянич Черногорияның Сербияға жақындап, Ресеймен ара қатынасын реттейтінін мәлімдеген болатын. Мәскеумен жақын қарым-қатынас құрғанмен, Подгорицаның ЕуроОдақтан алшақтамайтынына сендірген еді.

Сайлауға қатысқан жалғыз әйел үміткер Драгиня Вуксанович сайлауда үшінші болды. Ол халықтың 4%-ының  сеніміне ие болды.

Черногорияда президенттік сайлау бес жылда бір өтеді. Ел тізгінің бастайтын азамат жалпыхалықтық дауыс беруде анықталады. Биылғы сайлауға 7 үміткер қатысты. Халықтың белсенділігі 64%-ды құрады.

Бауыржан Мұқан
 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз