Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары шамамен 780 миллион адамның коронавирус инфекциясын белгілі бір формада жұқтырғанын айтады.
“Қазіргі бағалауымыз бойынша, әлем халқының шамамен 10% -ы осы вирусты жұқтырған болуы мүмкін. Бұл дегеніміз әлемнің басым көпшілігі әлі қауіпте”, – деді ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан.
Ресми ақпарат бойынша әлемде 36 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырып, 1 миллионнан астам адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы бестік:
- АҚШ: 7 682 781
- Үндістан: 6 704 900
- Бразилия: 4 940 706
- Ресей: 1 237 504
- Колумбия: 862 158