Қазақстанға шетелден келгендер білуі тиіс карантинге қатысты 4 ереже

0
110
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

6 қазаннан бастап Қазақстанға келушілер үшін жаңа карантин ережелері күшіне енді. Бұл туралы @egovhelpkz телеграм каналы хабарлады.

Ережелер:

  • ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктерді Қазақстанға кіргізбейді, ал ел азаматтары 2 күн карантинде болады;
  • Covid-19 ПТР тесттің нәтижесі шығарылған уақыт шекарадан өту кезінде 72 сағаттан аспауы керек;
  • Егер сіздің дене қызуыңыз жоғары болса, ПТР-анықтамасының бар-жоғына қарамастан, сізді карантинге стационарға жібереді;
  • Екі күндік карантиндегі тексеру нәтижелеріне байланысты пациентті үйіне немесе инфекциялық стационарға жібереді.

Ереже күшіне енгелі Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында CОVID-19 ПТР анықтамасы жоқ 400 жолаушы карантинге жіберілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз