Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

0
152

5 қазан күні Қазақстанда 7 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 10 адам дерттен айықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тамыз айының басынан бері 33 615 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 27 517 адам жазылған. 361 адам қайтыс болған.

Ел үкіметі вирус жұқтырғаны ПТР-тестімен расталмаған коронавирус пневмониясына шалдыққан науқастар есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Бірақ оған 1 тамызға дейін коронавирус пневмониясына шалдыққандар енгізілмеген. Министрлік оларды пневмонияның басқа түріне шалдыққандардан ажырату мүмкін болмағанын айтқан.

5 қазан күні коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1749 адам көз жұмған. Қазір 3180 адам коронавирустан емделіп жатыр. 70-і – бала. 1851 адам – стационарда, 1329 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 86 адамның жағдайы ауыр, 14 адамның жағдайы өте ауыр. 16 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

ДСМ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына қарамастан коронавирус пневмониясы есебін Covid статистикасына қоспай отыр. Егер екі көрсеткішті қосса, коронавирус шалдыққандар саны 141 мыңнан асып кетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз