Германия ел аумағында түрік ұлтшылдарынан құралған топ қызметіне тыйым салды

0
99
Osmanen Germania BC таңбасы

Германияның ішкі істер министрлігі Германия аумағында қызметін жүзеге асырған, сондай-ақ, Германияда тұратын түріктердің тарапынан құрылған Osmanen Germania BC ұлттық құрылымының қызметін заңсыз деп таныды. Аталған құрылым рокер тобын, боксшылар клубын біріктіріп, өздерін “ағайындылар” деп атайды. 10 шілдеде ГФР ІІД басшысы Хорст Зеехофердің басшылығымен ведомства таратқан мәлімдемеге сәйкес, “аталған топтың қызметі өзге тұлғалардың қызығушылығы мен жалпақ қоғамға қауіп келтіреді”.

Deutche Welle таратқан ақпарға сәйкес, сейсенбі күні таңертең Рейнланд-Пфальц, Баден-Вюртемберг, Бавария және Гессен федералды аймақтарында Osmanen Germania BC  мүшелерін тінту жұмыстары жүргізілді.

Министрлік таратқан ақпарға сәйкес, аталған топтың қызметі Германияда қоғам құқығының біртектілігін қамтамасыз ететін заңға қайшы. Германияда Osmanen Germania BC тобының 16 аймақтық бөлімшелерінің қызметіне де тыйым салынды.

“Заңды елемейтіндер, бізден жақсылық күтпесін”, – дейді Зеехофер. Наурыз айының ортасында аталған топты жедел тергеп, тексеру нәтижесінеде Osmanen Germania BC құрылымының қызметі заңсыз деп танылып, ГФР аумағында топ қызметіне тыйым салынды.

“Түркия президентінің сенімді фигурантының аталған топқа қатысы бар”

Osmanen Germania BC Германия билігінің бақылауына бұдан ертерек түсті. Жалпы алғанда Германия аумағында аталған топтың 2500 мүшесі бар. Полиция ақпаратына сәйкес, Түркиядағы басқарушы Әділет және даму партиясының мүшесі, сондай-ақ ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның сенімді фигурантының бірі Метин Кюлюнк аталған топтың басшылығына тікелей немесе делдал арқылы ақша беріп отырған. Осы үшін топ құрамындағы әуесқой боксшылар Германияда тұратын күрдтер мен Ердоғанға қарсы тараптардың ізіне түсуі қажет.

дереккөзден
Метин Кюлюнк – түрік саясаткері, Түркиядағы басқарушы Әділет және даму партиясының мүшесі, депутат.

Бұдан өзге Метин Кюлюнк ХХ ғасыр басында Осман империясының армяндарды жаппай-қырып жоюын геноцид деп тану туралы 2016 жылғы бундестаг қабылдаған қарарға қарсылық шараларын ұйымдастырған болуы ықтимал.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз