25 мамырға қараған түні Бали аралындағы Агунг жанартауы оянды. Бұл туралы Associated Press (AP) хабарлады.
Агенттіктің деректері бойынша, жанартау төрт жарым минуттай атқылаған. Вулканның кратерінен шыққан лава тасқыны 3 шақырымдай жерге тарап, маңайындағы 9 елді мекенді күл басып қалған. Зардап шеккендер мен құрбандар жөнінде әзірге ақпарат жоқ.