28 маусым күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Финляндия президенті Саули Ниинисте және Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон НАТО* Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің қолдауымен Мадридте кездесті. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі NATO twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл кездесуде көшбасшылар Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігіне жол ашып, Түркия қауіпсіздігінің заңды мәселелерін шешу үшін үшжақты меморандумға қол қойды.
Меморандумға үш елдің Сыртқы істер министрлері – Түркиядан келген Мевлют Чавушоглу, Финляндиядан Пекка Хаависто және Швециядан келген Энн Линда қол қойды. Келісім рәсіміне үш елдің көшбасшысы мен НАТО бас хатшысы да қатысты.
🆕 Türkiye 🇹🇷, Finland 🇫🇮, and Sweden 🇸🇪 sign agreement paving the way for Finnish and Swedish #NATO membership#NATOSummit
— NATO (@NATO) June 28, 2022
“Мен осы үшжақты меморандумға қол қоюды және келіссөздер барысында үш ел көрсеткен сындарлы көзқарасты құптаймын. Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігі НАТО үшін және еуропалық қауіпсіздік үшін өте жақсы жағдай”, – дейді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қарсылығын білдірген еді.
Оқи отырыңыз: Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына не үшін қарсы?
НАТО* – Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы, (ағылшынша – North Atlantic Treaty Organization)