Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігіне жол ашатын келісімге қол қойды

0
168
photo: nato.int

28 маусым күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Финляндия президенті Саули Ниинисте және Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон НАТО* Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің қолдауымен Мадридте кездесті. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі NATO twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл кездесуде көшбасшылар Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігіне жол ашып, Түркия қауіпсіздігінің заңды мәселелерін шешу үшін үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумға үш елдің Сыртқы істер министрлері – Түркиядан келген Мевлют Чавушоглу, Финляндиядан Пекка Хаависто және Швециядан келген Энн Линда қол қойды. Келісім рәсіміне үш елдің көшбасшысы мен НАТО бас хатшысы да қатысты.

“Мен осы үшжақты меморандумға қол қоюды және келіссөздер барысында үш ел көрсеткен сындарлы көзқарасты құптаймын. Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігі НАТО үшін және еуропалық қауіпсіздік үшін өте жақсы жағдай”, – дейді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қарсылығын білдірген еді.

Оқи отырыңыз: Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына не үшін қарсы?

НАТО* – Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы, (ағылшынша – North Atlantic Treaty Organization)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз