«Үлкен жетілік» Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтпек

0
125
Фото Канада Сыртқы істер министрлігінің твиттер парақшасынан алынды.

«Үлкен жетілікті» (G-7) құрайтын Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Италия, Жапония, Канада, Ұлыбритания (Англия) мен Франция Кремльдің Украинада жасаған әрекеттерінің кесірінен Ресейге қарсы алынған санкцияларды ұзарту туралы келісімге келді.

Канада Сыртқы істер министрлігінің ресми твиттер парақшасы арқылы тараған ақпарға сүйенсек, Ресейдің Украинада жасаған «қолайсыз әрекеттерінен кейін» Мәскеуге қарсы санкциялардың одан әрі ұзартылатыны белгілі болды.

Твитте:

«(Канада Сыртқы істер министрі) Министр Фрейленд пен G-7-нің сыртқы істер министрлері ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке, оның ішінде (Укринаның) аумақтық егемендігіне деген құрметін растайды. Украинадағы қолайсыз әрекеттеріне байланысты Ресейге қарсы алынған санкиялар жалғасын табады», – делінген.

Сонымен қатар, G-7 елдерінің өкілдері Украина мәселесінде ортақ позицияға ұстанып, толықтай Киевті қолдайтындарын мәлімдеді.

РЕСЕЙ МЕН БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ ДАFДАРЫСТЫҢ ТYЙІНІ

Ресей мен батыс елдері арасындағы қарым-қатынас Украина дағдарысы мен Қырым аннексияға ұшырағаннан кейін бара-бара үзіле бастады. Батыс Мәскеуге Украинаның «ішкі мәселесіне араласты» деген айып тағып, санкциялар қолдана бастады.

Ал Ресей болса, Қырымның 2014 жылы жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Ресей сапына қосылғанын айтып ақталады. Путиннің айтуынша, Қырым мәселесінде Ресейдің кері қадам басуы енді мүмкін емес.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз