Zhubanov University ғалымы Әлия Базарғалиева үш жылдан бері Алматы қаласындағы Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Ол университетте 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясында «Ашық және қорғалған топырақта отандық селекциялық қияр сорттарын өсірудің технологиясы» тақырыбында ғылыми-инновациялық жобаны жүзеге асырған.
Жобаның бас ғылыми қызметкері, PhD доктор Нұрлыгүл Утарбаева.
«Жоба аясында жергілікті климатқа бейімделген қияр сорттарын өсірдік. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорымен бірлесе Ақтөбе облысының агроэкологиялық жағдайында өсірілген қиярдың 5 сорт үлгілерін сынау жұмыстары сәтті аяқталды», – деді ғалым.