1 маусымда Қазақстанға коронавирусқа қарсы қытайлық екпенің тағы бір түрі – CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы (500 мың доза) жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы қытайлық вакциналар туралы не білеміз?
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта барлық екпе пунктерінен CoronaVac-ты салдыруға болатынын хабарлады. Препарат Қытайдың “Sinovac Biotech Ltd” биофармацевтикалық компаниясында өндірілген. Екі дозалық вакцина 14-28 күн аралығында салынады. +2 +8 градус аралығында сақталады.
Соңғы мәлімет бойынша, елде 2 млн 131 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 74 мың адам екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік “Спутник V”, қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген вакцинасы егіліп жатыр.