Қырғызстанда Қытай фобиясы

0
173
Ақылбек Жапаров (фото «Азаттық радиосы» сайтынан алынды)

Қырғызстанның соңғы бес жылдағы Қытайға берешегінің жалпы қарызға шаққандағы үлесі 22 есе артты.

Kaktus.media сайтының Жогорку Кенеш (қырғыз парламенті) депутаты Ақылбек Жапаровқа сілтеме келтіріп жариялаған хабарына сүйенсек, 28 ақпан күнінің есебімен Қырғызстанның сыртқы қарызы 4,4 млрд долларға жеткен. Бішкектің Қытайға берешегі 1,71 млрд долларды құрайды.

«Бир Бол» партиясының депутаты Жапаровтың айтуынша, Қырғызстанның Қытайға борышы – жалпы сыртқы қарыздың 44 %-ы. 2010 жылы бұл көрсеткіш 2 % көлемінде болған.

Қырғызстанның сыртқы қарызы графигі

Қытайдың ешбір елге қарызын кешірмегенін ескерткен Жапаров Пекиннің ешқашан төлем мерзімін ұзартпағанына назар аударды. Осыған байланысты Тәжікстанның Қытайға қарызын өтей алмай, оларға алтын кеніштерін сатуға мәжбүр болғанын атап өткен Жапаров дәл сондай жағдайға түсу Қырғызстан үшін егемендігін жоғалтумен пара-пар болатынын мәлімдеді.

Жапаровтың пайымынша, Қырғызстанның 2023 жылға дейін Қытайға 320 миллион доллар қарызды кері қайтаруы керек. Бұл мөлшер– қазіргі Бішкек үшін көтере алмайтын «жүк».

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз