Министр Цой: Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді

0
149

Қазақстанда өткен тәулікте 1319 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 123 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. 2 маусым таңертеңгі ақпаратта 1319 адам вирус жұқтырып, 1617 адам індеттен жазылды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 388 991 адамға, жазылғандардың саны 359 443 адамға жетті.

Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін немесе өткен аптамен салыстырғанда 21%-ға төмендеді. Жалпы, соңғы айда ауру 1,6 есе азайды. Ал, соңғы 2 аптада емделіп жатқан науқастар саны 12 мыңға азайды.

Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 3,2 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентпен 2 145 688 адам егілді, бұл тиісті халықтың 21%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 096 310 адам қамтылған.

«Бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцинаның жеткілікті мөлшері бар: бірінші компоненттің шамамен 330 мыңы және екінші компоненттің 811 мыңы. Қосымша, маусым айында COVID-19 вакциналарының шамамен 2 млн екі дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Қытай Халық Республикасындан 500 мың CoronaVac вакцинасы алынды. Осылайша, Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады», – деді Алексей Цой.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз