Алматыда коронавирустың “үндістандық штамы” тіркелді

0
147

Алматы қаласында бір адамнан коронавирустың “үндістандық штамы” анықталды. Бұл туралы 23 маусым күнгі брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

“Алматыда бір адамнан анықталды. Біз онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығын есепке алдық. Ол – үй шаруасындағы әйел, үнемі үйде отырған. Күйеуі ары-бері көп жүретін мамандық иесі, бірақ ол ақпан айында ауырып шыққан” деді Бекшин сәрсенбі күнгі брифингте.

Дүйсенбі күні денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустың “үндістандық штамына ұқсайтын” мутация анықталды, зерттеу жүргізіліп жатыр деп мәлімдеген. Соған байланысты елде карантин күшеюі мүмкін екені де ескертілген.

22 маусым күні Нұр-Сұлтан әкімдігі астанада қосымша тексеру нәтижелері “үндістандық штамм” барын көрсетті деп мәлімдеген. Сейсенбі күні қалада карантинді күшейту туралы шешім қабылданды. Ведомствоаралық комиссияның отырысы да өтіп, елде қызмет көрсету саласында істейтін компаниялар мен ірі мекемелерде вакциналаудың міндетті болатыны белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, коронавирустың “үндістандық штамы” вирустың кәдімгі түріне қарағанда тез жұғады, аурудың асқыну ықтималдығы да жоғары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз