Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам вакцина алды

0
168

5 мамыр таңертеңгі ақпаратта 1 486 543 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 400 740 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 2298 адам вирус жұқтырып, 34 адам қайтыс болды. 2663 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 29 адам жұқтырып, 5 адам қайтыс болды. Пневмониядан 65 науқас емделіп шықты.

Қазіргі таңда 44 572 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 784 адамның жағдайы ауыр, 196 адамның жағдайы өте ауыр және 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша “қызыл аймақтағы” өңірлер саны азайып, “жасыл аймақтағылар” саны бір өңірге артқан:

  • Қызыл аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары
  • Сары аймақ: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары
  • Жасыл аймақ: Қостанай, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз