Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

0
568

5 мамырда Қазақстанның кей өңірлерінде ауа райы бұзылады. Осыған байланысты Kazhydromet.kz болжам жариялады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. 5 мамыр күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 17-22 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында 5 мамыр түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл және солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Атырау қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады және жел екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Орал қаласында түнде найзағай күтіледі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

 

 

 

                  

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз