Қазақстанда 3000-нан астам адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

0
182

25 қаңтар таңертеңгі ақпаратта Қазақстанда жалпы коронавирус инфекциясынан 2480 адам, пневмониядан 555 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте 1480 адам вирус жұқтырып, 827 адам індеттен айыққан. Жазылып шыққандардың саны 160 313 адамға, ал вирус жұқтырғандардың саны 178 454 адамға жетті.

Жалпы 27 360 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 11 699 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 6 827 адам стационарда, ал 20 533 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 311 адамның жағдайы ауыр, 43 адамның жағдайы өте ауыр және 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Министрлік ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсайтын, бірақ лаборатория әдісімен тексергенде ағзасынан Covid табылмаған науқастар статистикасын былтырғы тамыздан бері бөлек жүргізіп келеді. Содан бері осындай пневмониямен 47437 адам ауырған, 35183 адам жазылып шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз