Қазақстанда 6 өңір “қызыл аймақта”

0
281

18 мамырдағы ақпаратта коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта” 6 өңір орналасқан. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

“Қызыл аймақ”:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы
  2. Алматы қаласы
  3. Ақмола облысы
  4. Атырау облысы
  5. Қарағанды облысы
  6. Батыс Қазақстан облысы

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары “сары аймақта”, ал қалған өңірлер “жасыл аймақта” орналасқан.

Қазақстанда өткен тәулікте 1837 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Алматы қаласы(520) және Қарағанды облысында(320) тіркелді. Ал 2500 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 22 адам қайтыс болды.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 362 030 адамға жеткен.

Бұдан бөлек қазіргі таңда 1 871 823 адам вакцинаның бірінші дозасын, ал 778 346 адам екінші дозасын алған.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз