Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

0
119

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 6 және пневмониядан 1 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 1867 адам, пневмониядан 405 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

4 қараша таңертеңгі ақпаратта 432 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 197 адам Шығыс Қазақстан облысында. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 113 741 адамға жетті. Бұдан бөлек 177 адам аурудан жазылып, барлығы 106 893 адамға жетті.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 31
Алматы қаласы – 23
Шымкент қаласы – 1
Ақмола облысы – 28
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 13
Атырау облысы – 9
Шығыс Қазақстан облысы – 197
Жамбыл облысы – 4
Батыс Қазақстан облысы – 14
Қарағанды облысы – 16
Қостанай облысы – 17
Павлодар облысы – 41
Солтүстік Қазақстан облысы – 33

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 39
Ақмола облысы – 28
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 10
Шығыс Қазақстан облысы – 60
Жамбыл облысы – 4
Қарағанды облысы – 13
Қостанай облысы – 4
Қызылорда облысы – 11
Павлодар облысы – 5

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 269 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 63 адам. Осылайша елде пневмонияны 38 281 адам жұқтырып, 28 899 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз