Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші төмендеді

0
88
Photo: Turar Kazangapov

Өткен тәулікте 1878 адамнан коронавирус анықталды. 25 қыркүйекте 32 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сол күні коронавирустың тағы 35 адамның қайтыс болғаны мәлім болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Алдыңғы күндермен және айлармен салыстырғанда коронавирус көрсеткішінің төмендегені байқалады. Күнделік науқас саны маусымның соңынан бері 2 мыңнан төмен түспеген.

Маусым айының соңында Қазақстанда коронавирустың “дельта” варианты тіркеліп, содан бері күнделік анықталатын науқас саны мен өлім көрсеткіші күрт артты. Тамыздың алғашқы жартысында шарықтау шегіне жетіп, күніне шамамен 8 мың науқас, 150 өлім тіркеліп жүрді. Бірақ кейінгі айда індеттің беті қайтып, аурудың тарауы тежеле бастады.

Өткен тәулік бойынша, Алматы қаласы аймақтар көшін бастап тұр. Онда коронавируспен бір күнде 485 науқас тіркелген. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан (186 науқас), Қарағанды (184 науқас), Павлодар (164 науқас) және Алматы (162) облыстары тұр.

Қазақстанда пандемия басталғалы барлығы 878 990 мың адамның анализінен коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде 11 065 адам қайтыс болған. Былтыр 1 тамыздан бері саналып келе жатқан “ковидтектес пневмониямен” осыған дейін 75 305 адам тіркелген. Оның 4,8 мыңы қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз