Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

0
25

20 қыркүйектегі ақпаратта 2438 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 67 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 2944 адам індеттен жазылды. Ал, 37 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 862 862 адамға, жазылғандардың саны 790 394 адамға, ал қайтыс болғандар саны 10 763 адамға жетті.

Барлығы 70 290 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 8 585 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 13 333 адам стационарда, ал 56 957 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 1 051 адамның жағдайы ауыр, 278 адамның жағдайы өте ауыр және 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек елде 7 300 062 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 6 161 154 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз