Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус көрсеткіші 11%-ға төмендеді

0
80

26 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1353 адамнан коронавирус табылды. 10 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 24 адам – коронавирустан, 18 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 931 137 адамға жеткен. Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 78781 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5016 адам қайтыс болған. 67732 адам жазылған.

Бүгінгі таңда” жасыл” аймақта сегіз өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Бес өңір – “сары аймақта”: Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. “Қызыл” аймақта төрт өңір – Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді.

“Қараша айында оптимистік сценарий бойынша айына 1500 жағдай күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – 1650. Пессимистік сценарий бойынша – 1800. Желтоқсанда – сәйкесінше тәулігіне 1100, 1600 және 2350 жағдай . Қаңтарда – сәйкесінше 650, 1500 және 3000 жағдай”,- дейді министр Алексей Цой.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз