Қазақстанда “SOS Police” дабыл батырмалары қарашада іске қосылады

0
204
Нұр-Сұлтанда орналасқан жедел дабыл батырмасы.

Қазақстанда “SOS Police” жедел дабыл батырмалары 1 қарашадан жұмысын бастайды. Бұл жөнінде дүйсенбі күнгі брифингте ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов айтты. 

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда “SOS Police” дабыл батырмалары орнатылды

“Қазір Қазақстан бойынша осындай 74 дабыл батырмасы орнатылды. 1 қарашадан бастап олар ресми жұмыс істеуді бастайды. Қазір жұмыстар пилотты түрде жүріп жатыр. Қаржы МЖӘ (мемлекеттік жеке меншік әріптестік) арқылы тартылып жатыр. Бюджеттен бірде бір тиын шыққан жоқ. Біз тек қызмет көрсетуге төлейміз. 1 қарашадан бастап әр қаланың полиция департаменттері әкімдікпен бірге құрылғыларға төлеп бастайды”, – деді вице-министр.

Нұр-Сұлтан әкімдігі 6 қазанда жедел дабыл батырмаларының қойыла бастағанын хабарлаған. Әкімдік сол кезде “азаматтар осы құрылғы арқылы жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланыса алады” деген ақпарат таратқан еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз