Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

0
57

29 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 25 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек 1697 адам коронавирус жұқтырып, 239 адам пневмонияға шалдықты. Оған қоса коронавирустан 2141 адам, пневмониядан 295 адам емделіп шықты. Ал жалпы 936 084 адам коронавирус, 79 355 пневмония жұқтырған. 881 124 коронавирустан, 68 495 адам пневмониядан емделіп шықты. Осы күнге дейін коронавирустан 12 053 адам, пневмониядан 5 025 адам қайтыс болды.

Қазір 48 742 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 8 435 пациент стационарда, 40 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 587 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз