Коронавирус: Қызыл аймақта 2 өңір қалды

0
63

12 қарашада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызыл аймақта 2 өңір орналасқан. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

Коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақтағы” өңірлер саны азаюда. Қазіргі таңда “қызыл аймақта” 2 өңір, “сары аймақта” 6 өңір, “жасыл аймақта” 9 өңір орналасқан. Жалпы Қазақстан Республикасы “жасыл аймақта” тұр.

12 қарашадағы ақпарат бойынша 1260 адамда коронавирус індеті ПТР тесті арқылы расталды. Ал 2120 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 954 146 адамға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз