Коронавирус жұқтырған 742 науқастың жағдайы ауыр

0
182
с источника

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2433 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 17 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 105 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 366 481 адамға жеткен.

Министрлік мәліметінше елде 35 846 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 265 пациент стационарда, 22 581 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:

• 742 адамның жағдайы ауыр,

• 187 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек 8 өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “қызыл аймақта” болса, “сары аймақта” 4 өңір, ал “жасыл аймақта” 5 өңір.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймақта”.

Қазіргі таңда Қазақстанда 1 923 303 адам вакцинаның бірінші дозасын, ал 831 252 адам екінші дозасын алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз