Коронавирус жұқтырғандар саны тағы да күрт өсті

0
196
Photo: Turar Kazangapov

24 маусым таңертеңгі ақпаратта коронавирус жұқтырғандар саны  оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында күрт өсті. Өткен тәулікте 1496 адам коронавирус жұқтырып, 7 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.


Нұр-Сұлтан қаласында бір күнде 568 адам вирус жұқтырып, 319 адам емделіп шықты.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (568) және Алматы (186) қалаларында тіркелген. Одан кейін Қарағанды (145) облысы тұр. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 413 267 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 10 айға жуық уақыт ішінде 56708 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 973 адам қайтыс болған. 52006 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 22 098 адам (оның ішінде 1270 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 408 адамның жағдайы ауыр, 95 науқастың жағдайы өте ауыр. 72 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз